Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек
Алматы ТЖД қызметкерлері күн күркіреп, найзағай жарқылдап жатқанда қандай әрекеттер жасау керектігі көрсетілген жаднаманы ұсынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Пәтерде, үйде, ғимаратта: егер найзағай кезінде сіз үйде болсаңыз, электр сымдарына, антенналарға жақындамаңыз, терезелерді жабыңыз, теледидарды, радионы және басқа тұрмыстық электр аспаптарын өшіріңіз және металл заттарға тигізбеңіз.Төбелерде, металл қоршауларында, электр беру желілерінің тіректерінде және сымдардың астында тқрмаңыз
Егер сіз баспана іздесеңіз, ашық кеңістікті кесіп өтуіңіз керек – жүгірмеңіз, тыныш қадам жасаңыз. Ұялы телефонды ажыратыңыз.
Көлікте: егер найзаған жарқылдаған кезде сіз көлікте отырсаңыз, оны тастап кетпеңіз, терезелерді жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын түсіріңіз. Қозғалысты тоқтатыңыз және жол жиегінде немесе автотұрақта, биік ағаштардан алыс жерде ауа райының жақсаруын күтіңіз, биік жерде немесе ашық далада тұрмаңыз, автомобиль салонында отырып найзағайдың аяқталуын күтіңіз, табиғаттың мұндай құбылыс кезінде көлікке жанар-жағармай құймаңыз, машиналардың арасында немесе автокөліктің қорабында, металл заттардың үстінде отырмаңыз, көліктің астына тығылмаңыз, қолыңызға металл заттарды ұстамаңыз.
Велосипед пен мотоцикл бұл уақытта қауіпті болуы мүмкін. Оларды жерге жатқызып, кем дегенде 30 метрге әрі тұрыңыз.
Көшеде: егер сіз сыртта болсаңыз, есіңізде болсын: найзағай аймағында жүгіруге және үрейге берілуге болмайды, барлық металл әшекейлерді (алқа, сақина, сырғалар) шешіп алыңыз, электр желілеріне жақындамаңыз, металл қоршаудың, темір құбырлардың, рельстердің жанында, сондай-ақ басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз.