×

Пара алған: желіде жарияланған видеодан кейін Алматыда полицейлердің үстінен іс қозғалды

Полиция қызметкерлері пара алып жатқан жерінде ұсталды

Пара алған: желіде жарияланған видеодан кейін Алматыда полицейлердің үстінен іс қозғалды
Фото: azh.kz

Әлеуметтік желіде шыққан бейнежазбаға байланысты алматылық полицейлердің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Антикор мәліметінше, 17 мамыр күні әлеуметтік желіде белгісіз автор жариялаған бейнежазбада Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне көлік ішінде ақша беру фактісі бейнеленген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →