×

Мұрнына қан саулап тұр: Карина Мамаш дипломат күйеуі сабаған видеоны жариялады

Видеодан Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін байқауға болады

Мұрнына қан саулап тұр: Карина Мамаш дипломат күйеуі сабаған видеоны жариялады
Видеодан скриншоттар

Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттегі видео мен күйеуі ұрғаннан кейінгі жағдайының видеосын желіге жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Екі күн бұрын Сәкен Мамаш әйелінің айтқанына байланытсы әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, үндеу жариялаған еді. Оған жауап ретінде бүгін Карина Мамаш күйеуінен жәбірленіп, зорлық-зомбылық көрген сәттер бейнеленген видеосын көрсетті. Видеодан Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан саулаған сәттерін байқауға болады.

«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», – деп видео түсірген ол.

Осыған дейін Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштың туыстары әжесіне хабарласып, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқанын айтып, мәлімдеме жасаған еді. 

Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалып, ол қызметінен шеттетілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →