×

Төрт жасар Айкөркемнің қазасына енді ешкім жауапты емес

Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия режимде қаралды

Төрт жасар Айкөркемнің қазасына енді ешкім жауапты емес
Фото: ашық дереккөзден

Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған төрт жасар Айкөркемнің өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өкініштісі, бүлдіршіннің өлімі үшін ешкім жауапқа тартылмайды.

Жоғарғы сот әскери қызметкер Арман Жұманға қатысты әскери соттың апелляциялық алқасының шешімін жойды. 

Сот Арман Жұман блок постқа жақындаған көлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық берген деп отыр. Салдарынан көлікте болған Айкөркем Мелдехан көз жұмды.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот сотталушыны әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деп ақтап келген болатын. Қылмыстық іс «құпия» санатымен жабық сот отырысында қаралды. Апелляциялық шағым жәбірленуші тараптың арыздары мен прокурордың наразылығы негізінде қаралды.

Айта кетейік, бастапқы инстанция да Айкөркем Меделханның өліміне күдікті болған Арман Жұманды ақтап алған. Алайда апелляциялық сот ақтап алу үкімінің күшін жойып, әскери қызметкерді 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған еді.

Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия режимде қаралды. Кассациялық қарау нәтижелері бойынша осыған дейінгі сот актілерінің күші жойды. Іс келесі сатыдағы апелляциялық сот қарауына жіберілді», – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Енді Айкөркем кісі өлтіру ісін қайтадан әскери сот қарайды.

Бұған дейін екі адвокат Арман Жұман мен Айдос Мелдехан кассациялық шағым түсірген.

Еске салсақ, төрт жасар Айкөркем Мелдехан 2022 жылы 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан. Оның 16 жастағы әпкесі жараланып, кейін ақпан айында ауруханадан шыққан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →