×

Оралда жұмыс орнында қайтыс болған судьяның баласы мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды

Сот шешімі заңды күшіне енді

Оралда жұмыс орнында қайтыс болған судьяның баласы мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды
Фото: ашық дереккөзден

Былтыр Оралда жұмыс орнында қайтыс болған судья Нұрлан Ғұбашевтің ұлы сот арқылы мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

2023 жылы 10 наурызда Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Ғұбашев көз жұмды. 55 жастағы ер адам жұмыс орнында өзін жайсыз сезінген. Судья жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия өлімнің еңбек қызметімен еш байланысы жоқ, сол себепті есепке алынбайды деген қорытындыға келген. Алайда марқұмның ұлы комиссияның шешімімен келіспей, сотқа арызданды.

Іс материалдарына сүйенсек, судья ұлын жалғыз өзі тәрбиелеген. Арызданушы әкесінің қызметтік міндеттерін атқару барысында көз жұмғанын мойындауды талап етіп, алпыс айлық лауазымдық еңбекақы мөлшерінде біржолғы өтемақы өндіруді сұрады. Ал бұл 48 миллион теңге.

Айта кетері, сол кезде судьяның жалақысы 800 789 теңге болған.

Сот барысында тергеу сотының қызметкерлерінен жауап алынды. Олар судья Ғұбашевтің шешім шығару үшін бөлмеге кетіп, құжаттарды зерделеп жатқанда даусы қырылдап, ес-түссіз құлағанын айтты. Әріптестері бірден жедел жәрдем шақырған. Бірақ судьяны аман алып қалу мүмкін болмады. Сондай-ақ куәгерлер сол күндері сотта өте үлкен жүктеме болғанын растады.

Сот іс материалдарын қарап, талап-арызды қанағаттандырды және Нұрлан Ғұбашевтің қызметтік міндеттерін орындау барысында бақилық болғанын мойындау туралы қаулы шығарды. БҚО бойынша сот әкімшілігі департаментінен марқұмның ұлының пайдасына 48 млн теңге өндірілетін болды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →