×

Алматыда «Казпоштамен» есірткі тапсырыс берген ер адам ұсталды

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды

Алматыда «Казпоштамен» есірткі тапсырыс берген ер адам ұсталды
Видеодан кадр

Аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.

Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және тағы басқа заттар табылды.

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
Кеше, 13:15

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды
Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →