×

Қазақстанда террорлық шабуылға тосқауыл қойылды – ҰҚК

 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылған

Қазақстанда террорлық шабуылға тосқауыл қойылды – ҰҚК
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысында елімізде террорлық шабуылға тосқауыл қойылғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отырыста елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланғаны айтылды.

"Сонымен қатар, ҰҚК биылдан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді. Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді", - делінген хабарламада.

ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал нысандардың, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →