×

Шымкенттік емші асырап алған егіз баланың қазіргі жағдайы белгілі болды

Емші оларды үш айлық кездерінде бауырына басқан

Шымкенттік емші асырап алған егіз баланың қазіргі жағдайы белгілі болды
Коллаж: Kazinform

Шымкент тұрғыны қамқорлығына алған 6 баланың арасында егіз де бар. Ұл мен қыз 2021 жылдың 26 мамырда елордада дүниеге келген. Емші оларды үш айлық кездерінде бауырына басқан. Қамқорлыққа берілген егіз сәбидің тағдырына қатысты істің мән-жайын Астана қалалық Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшіс inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Бала асырап алуға, қорғаншылыққа немесе патронаттық тәрбиеге алуға ниет білдірген азаматтарды есепке алуды үміткердің тұрғылықты жері бойынша Білім басқармалары жүргізеді. Азамат (шымкенттік емші – ред.) 2021 жылғы 9 сәуірден бастап Шымкент қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдарында бала асырап алуға (қорғаншылыққа) үміткер ретінде есепте тұр. Қорғаншылыққа үміткер болу мүмкіндігі туралы оң қорытынды алғаннан кейін, ол азамат Шымкент қаласы қорғаншылық және қамқоршылық органымен жетім балалардың республикалық деректер банкінде тіркелді. Осыдан кейін деректер банкіндегі балалар туралы ақпаратқа қол жеткізді», - дейді Астана қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.

Балаларды қорғаншылыққа беру рәсімі ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген «Жетім балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүргізілген. Осылайша, Шымкент тұрғыны қажетті барлық құжатты ұсына отырып, Астана қаласы Білім басқармасының 2021 жылғы 18 тамыздағы №436 бұйрығы негізінде 2021 жылғы 26 мамырда туған егіз сәбиді қамқорына алған

«Балалар Астанадан есептен шыққаннан кейін, Астана қаласының Білім басқармасы 2021 жылғы 19 тамызда Шымкент қаласына балаларды есепке қойып, одан әрі бақылауды жүзеге асыру мақсатында, ақпараттық хат жолдады», - дейді Серік Әділбаев.

Бұған дейін жазғанымыздай, Арнайы комиссия акт толтырып, «өгей әке тарапынан жауыздық көрді делінген» балаларды 13 ақпанда бұл отбасынан алып кеткен. Қазір екеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, қалған төртеуі бөбектер үйінде.

«Шымкент қаласы Білім басқармасының хатына сәйкес, қазір екі кәмелетке толмаған бала (Астанадан кеткен егіз бала – ред.) Шымкент қаласының балалар үйінде. Қорғаншыға қатысты сот актісі шығарылғаннан кейін, балалар Астана қаласына қайтарылады және олар балалар үйіне орналастырылады», - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, Шымкенттік емші асырап алған 6 баласын қорлап, азаптады деген күдікпен қамауда отырғаны туралы хабарлаған едік. Ол асырап алған балаларына ит пен мысықтың етін жегізді деген дерек шықты.

Осы оқиғаға байланысты білім саласының бірқатар қызметкері жазаланды. Сонымен қатар қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар балалардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Сондай-ақ балалардың елдің бірнеше қаласынан асырап алынғаны белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада "Ханшатыр" маңындағы тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты
Кеше, 16:24

Астанада "Ханшатыр" маңындағы тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты

Құтқарушылар шақырудың жоғары рангы бойынша жұмыс істеуде
Бір күн полицей формасын киіп, түсірілімге шыққан
Жалақыдан басқа, әуекомпания қызметкерлері бәрімен бірдей белгіленген негізде зейнетке шығатынына көңілдері толмайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →