×

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзақ қаралып жатқаны белгілі болды

Назгүл Рахметуллина тілшілердің сұрақтарына жауап берді

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзақ қаралып жатқаны белгілі болды
Видеодан кадр / instagram.com/kudaibergen_kairat

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот шешімі қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әрбір инстанция өз қызметін еркін жүзеге асырады. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталған жоқ. Қалай аяқталса, солай бұл туралы ақпарат болады. Сот тергеуі жүріп жатыр», – дейді Назгүл Рахметуллина.

Тілшілер: «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасары Самат Әбіш ісіне қатысты шешім шықты, алайда Арман Жұмагелдиев пен Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген ісі әлі созылып, сот үкімі жарияланған жоқ. Неліктен?», – деген сауал тастады.

Сот алқасының басшысы бұған сот зерттеуге міндетті көптеген материалдар бар екенін айтып жауап берді.

«Әр іс әр түрлі. Бір эпизодтан тұратын іс бар, онда бір жәбірленуші, бір куәгер - оны бірнеше сессияда аяқтауға болады. 50 сотталушы, 250 жәбірленуші, сот толығымен тексеруге міндетті көптеген қылмыстық іс материалдары бар істер бар. Тиісінше, оның қашан аяқталатынын айта алмаймын. Мұның бәрін сот жеке шешеді. Бүгінгі таңда, менің білуімше, іс әлі аяқталған жоқ», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада "Ханшатыр" маңындағы тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты
Кеше, 16:24

Астанада "Ханшатыр" маңындағы тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты

Құтқарушылар шақырудың жоғары рангы бойынша жұмыс істеуде
Бір күн полицей формасын киіп, түсірілімге шыққан
Жалақыдан басқа, әуекомпания қызметкерлері бәрімен бірдей белгіленген негізде зейнетке шығатынына көңілдері толмайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →