×

Алматыда жалған композитор ұсталды

Полиция 30 жастағы ер адамды ұстады

Алматыда жалған композитор ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Бостандық аудандық полиция бөлімі 30 жастағы ер адамды ұстады. Ұжымдық арыз бойынша, ол бірқатар музыканттарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Азаматтардың арызынан белгілі болғаны, 30 жастағы Ы.есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген.

«Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астанадағы KaRima кафесінде болған өрттен сегіз пәтер зардап шекті
Бойжеткен мен оның туыстары тергеудің созылып кеткеніне шағымданды
Алматылық тұрғын Дильбар Тимурова бұрынғы күйеуінің шабуылы жайлы айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →