×

Майқайыңдағы жағдай: шұңқырға құлаған құтқарушыларды іздеу жалғаса ма

Құтқарушыларға қауіп төнгендіктен құтқару жұмыстары тоқтаған еді

Майқайыңдағы жағдай: шұңқырға құлаған құтқарушыларды іздеу жалғаса ма
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Майқайыңалтын» кеніші шахтасының маңындағы шұңқырға құлап кеткен автобус ішіндегі екі жолаушыны іздеу жұмыстары қашан жанданады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Минстр құтқару жұмыстарын қайта бастау үшін дайындық жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Құтқарушыларға қауіп төнгендіктен құтқару жұмыстары тоқтағанын білесіздер. 13 мамырдан бастап дайындық басталды, оның ішінде тау-кен жұмыстары, құлаған топырақтың солтүстік-шығыс бөлігіндегі орнын кеңейту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Құтқарушыларға қолайлы жағдайлар жасалғаннан кейін іздеу жұмыстары қайта басталады», – деді ол.

Бірақ министр құтқару шаруаларының нақты қай уақытта, қай айда жанданатынын айта алмады.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен болатын. Апат кезінде онда төрт адам болған.

4 қаңтарда екі құтқарушы – Бердіқан Сарқыт пен Олег Тышкевичтің денесі өлі күйінде табылған. Ал қалған екеуі – Айып Төлепбергенов пен Айдос Шәймерденнің не өлі, не тірі екені белгісіз.

Кейіннен «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →