×

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі адамдарды құлдықта ұстағандар анықталды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі адамдарды құлдықта ұстағандар анықталды
Фото: freepik.com

Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарды еріксіз ұстап, адамдар көп жиналатын жерлерде қайыр сұрауға мәжбүрлеген тұлғалар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Маңғыстау облысы прокурорының қаулысы негізінде полиция органдары бірқатар іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыстық іс аясында 2024 жылғы 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар 5 адам ұсталды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Соңғы 5 айда прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында 89 тексеру мен талдау жүргізді, нәтижесінде 527 заң бұзушылықтар анықталды, 68 ұсыныс қаралып, 4 наразылық қанағаттандырылды. Прокуратура актілері бойынша мүгедектігі бар 7 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін 284 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 65-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →