×

Маңғыстау облысында алты миллион теңге алимент төлемеген әке қамауға алынды

Айыпталушы сотқа келуден жалтарған

Маңғыстау облысында алты миллион теңге алимент төлемеген әке қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкер қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

"Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдады", – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, қала прокурорының өтінішімен сот борышкерге іздеу жариялады.

"Жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласында ұсталып, қамаққа алынды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек толық өтеліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →