×

«Күтпеген хаттар түсіп жатыр»: Ринат Зайытов мектептерде ақша жинап жатқанын айтты

Депутат оқушылардың ата-аналарынан хаттар келіп жатқанын айтты

«Күтпеген хаттар түсіп жатыр»: Ринат Зайытов мектептерде ақша жинап жатқанын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ата-аналардан мектептің жөндеу жұмыстарына деп ақша жинап жатқаны туралы шағымдар түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті қазақстандықтар, қадірлі ата-аналар! Біздің әлеуметтік-мәдени даму комитетіне, депутаттардың атына күтпеген хаттар түсіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде мектептегі жөндеу жұмыстарына ақша жинау, кейбір жерлерде мұғалімдерден, ата-аналардан талап еткен фактілер бар деген шағым түсуде. Осы мәселені Оқу-ағарту министрлігінің өкілімен талқыладық. Бұл мәселені бір емес, бірнеше рет қайталанбау үшін жұма күнге дейін мен ғана емес, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттарына «eOtinish» арқылы хат жаза аласыздар. Дәулет Мұқаев, Нартай Аралбайұлы, Таңсәуле Серіков және басқа депутаттардың атына хат жолдауларыңызға мүмкіндік бар. Бастысы, қай мектеп, қашан болғанын нақты көрсетіңіздер. Мәселені бірігіп шешейік», – дейді Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысындағы жүкті әйелдің өлімі: министрлік тексеріс бастады
Бүгін, 12:46

Жамбыл облысындағы жүкті әйелдің өлімі: министрлік тексеріс бастады

Шу аудандық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тексеру басталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →