×

Түркістанда тұрғындар 4 адамның өмірін қиған жол апатының әділ тергелмегеніне наразы

Жәбірленуші тарап сот үкіміне қатысты наразылық білдіріп отыр

Түркістанда тұрғындар 4 адамның өмірін қиған жол апатының әділ тергелмегеніне наразы
Фото: kharkov.comments.ua

Осыдан бір жарым жыл бұрын Түркістан облысында төрт адамның өмірін қиып, тағы үш жолаушы ауыр жарақат алған жол апаты болған еді. Қазіргі уақытта әр түрлі деңгейде жарақат алған 3 адам да емделіп шыққан. Алайда осы оқиғаға байланысты дау әлі басылмай отыр. Жәбірленуші тарап сот шешіміне әлі қарсылық білдіріп келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі sadaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, 25.12.2022 жылы төрт адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі деп табылған Оралбек Құдайбергенов айыбын мойындамаған, қайтыс болған адамдардың туыстарынан да кешірім сұрамаған. Кейін әртүрлі амалдар арқылы жауапкершіліктен жалтарып кетуге тырысқан.

«Барлық кінәсі делелденіп тұрса да Келес Ауданы, Абай ауылы N 2 соты бес-ақ жылға соттау туралы шешім шығарды. Үкімде көрсетілген бес жылдың жартысына жуығын тергеу изоляторына шегергенде түрмеде екі жылға жуық уақытты өткізуге кесілді», – дейді Жұмаш Әуелбеков. 

Оның айтуынша, жәбірленуші тарап сот үкіміне қатысты мынадай наразылық білдіріп отыр:

1. Жол көлік апатында қайтыс болған төрт адамға төленетін материалдық және моральдық шығындарды өтеу сот үкімінде көрсетілген соммаға мүлдем келіспейді.

2. Жол көлік апатынан аман қалып, қатты жәбірленген  төрт азаматқа материялдық және моральдық шығынды төлемеу жөніндегі үкімге келіспейді.

Сотталушы О.Құдайбергеновтың мүліктері және Ақтөбе аудан орталығындағы Қызыләскер ауылындағы орталық Аурухананың жанында ораналасқан жеке меншік клиникасын және Жетісай-Шымкент жол бойында орналасқан «бизнеске арналған жер учаскесі» және 200 кв/м тұрғын үйін, тергеу барысында сот тәртібімен тәркілеуден бұрын және жәбірленушілерге материялдық моральдық шығындардан жалтару мақсатында, басқа азаматтардың меншігіне өткізіп, жеке мекен жайын Ақтөбе аудан орталығындағы Жаңадәуір ауылы, мектеп көшесі N146 үйге тергеу барысында өзгерткен. Алайда, сотталушы О.Құдайбергенов тіркелген мекен жайда бес жылға жуық ешкім тұрмағаны көпшілікке мәлім. Ақтөбе а/о Жаңадәуір ауылы мектеп көшесі N146 үйдің иесі бұл жағдайдан мүлдем хабарсыз болған. Түркістан Облысының ІІД тергеу басқармасы бір жылдан астам тергеу барысында және сотқа жолданған айыптау актісінде сотталушы О.Құдайбергеновтың барлық жеке меншік мүліктерін жасырып, мекен-жайын ауыстыруға және жеке меншік мүліктерін өзге азаматтарға рәсімдеуге жол бергені анық.

«Қорытындылай айтқанда, сотталушы О.Құдайбергенов жәбірленуші тараптардың материялдық және моральдық шығындарын өтемеу мақсатында, жоғарыда көрсетілген мүліктерін тәркілеуден алдын, өзге азаматтардың атына рәсімдегені үшін біз жәбірленушілер Аудандық және Облыстық құқық қорғау органдары немқұрайлы қарағаны үшін наразылық білідіріп Республикалық құқық қорғау органдарынан көмек сұраймыз!» – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →