×

«Тыйым сала білуіміз керек»: Ринат Зайытов ЛГБТ туралы айтты

«ЛГБТ насихатына» қарсы петиция 50 мың қол жиналған болатын

«Тыйым сала білуіміз керек»: Ринат Зайытов ЛГБТ туралы айтты
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ЛГБТ пропагандасына қарсы екенін және жақында 50 мың қол жинаған петицияны қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз де петицияны жақтаушылар тарапынанбыз. Біз мұндай насихатқа тыйым салынуы керек дегенді бұған дейін де, Мәжіліске келмей тұрып та айтқанбыз. Сондықтан сол ойымызда қалуға тырысамыз. Қазір біздің қоғамды онсыз да түрлі ұйымдарға, ағымдарға бөлу, алалау белең алып бара жатыр. Менің жеке пікірім - мұндай нәрселерге тыйым сала білуіміз керек», – деді Ринат Зайытов.

Депутаттың айтуынша, егер мұндайға тыйым салынса, ешқандай дискриминация болмайды. 

«Демократиялық қоғамда таңдау болуы керек. Петицияны қараймыз. Меніңше, қазақтың қаршадай қыздарының көшеге шығып, «менің жатырым, менің шаруам» деп айғайлауы өте әдепсіз. Ал басқа ұрандарын айтуға аузым бармайды», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін «ЛГБТ насихатына» қарсы петиция 50 мың қол жиналған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →