×

Грекиядағы өртке кінәлілердің ішінде Қазақстан азаматтары бар ма – ҚР СІМ тың ақпарат таратты

Жұма күні кешке отшашу атылған чартерлік яхта да тәркіленген

Грекиядағы өртке кінәлілердің ішінде Қазақстан азаматтары бар ма – ҚР СІМ тың ақпарат таратты
Фото: Reuters

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, қазақстандық туристер яхтада отшашу атып, Грекиядағы аралды өртеп жібергені туралы бірнеше бұқаралық ақпарат құралы жазған еді. Тіпті олардың арасында қазақстандық олигарх Данияр Әбілғазин де болуы мүмкін екені жазылған. Грекияның Гидра аралында 13 қазақстандық турист жағалауда тұрған яхтадан отшашулар атып, ауқымды орман өртін тудырды, деп хабарлайды ProNews порталы.

Жұма күні кешке отшашу атылған чартерлік яхта да тәркіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды
Бүгін, 14:52

Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.
Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →