×

Алматыда автобуспен соқтығысқан көліктің жүргізушісі «5:32» сериалының продюсері болып шықты

Соққыдан автобус тротуарға шығып кетіп, дүкенге соғылды

Алматыда автобуспен соқтығысқан көліктің жүргізушісі  «5:32» сериалының продюсері болып шықты
Фото: әлеуметтік желіден

26 маусым күні түс ауа Алматыда Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Алдын ала болжам бойынша, қиылыстан өтіп бара жатқан KIA көлігі 18-ші бағыттағы автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соққыдан автобус тротуарға шығып кетіп, дүкенге соғылды. Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, 25-і жарақат алды. 

Анель Сартаева (Уалиева)  / Фото: esquire.kz

CMN.KZ тергеу департаменті көлікті танымал қазақстандық «5:32» телехикаясының продюсері жүргізгенін анықтады. Маусымның 26-сы күні кешке Алматы полиция департаментінің түсініктемесінде жол апатына себепкер болған жүргізушінің ұсталғаны белгілі болды. Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

CMN.KZ тілшісіне хабарлағандай, «Salem Social Media» медиа-компаниясының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаева (Уалиева) KIA Sportage көлігін тізгіндеген. Ол «5:32», «Эскорт», «1286» және басқа да танымал қазақ телехикаяларын түсірді. 
Salem Social Media дереккөзі апаттан кейін кешке Сартаеваның жұмыс орнында болғанын айтты. Алайда 27 маусымда медиа-компанияның баспасөз қызметі CMN.KZ тілшісіне продюсердің бұдан былай жұмыста емес екенін, бір аптадан кейін ғана хабарласа алатынын хабарлады. Компания оның келмеу себептерін жарияламады. Сартаева Instagram желісіндегі жеке парақшасын жапты. Екі күн бұрын профильге кіру ашық болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →