×

Атырау облысында найзағай түсіп, шетел азаматы қаза тапты

Салынып жатқан үйге найзағай түсті.

Атырау облысында найзағай түсіп, шетел азаматы қаза тапты
Фото: azh.kz

Атырау облысы Миялы ауылында салынып жатқан үйге найзағай түсті. Ғимаратта өрт болып, 35 жастағы өзбекстандық қаза тапты, – деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Басылымның хабарына сенсек, кешкі сағат 7 шамасында Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Үсенов көшесіндегі үйге найзағай түсіп, өрт шыққан. Бір техникасы ғана бар жергілікті өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері қызыл жалынды ауыздықтады.

Салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде адам болғаны анықталды. Ол 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Тергеу барысында шетелдіктің осы жылдың 28 мамырында "Бейнеу" шекара бекеті арқылы Қазақстанға келгені және Миялы ауылының тұрғынының үйінде уақытша тіркелгені анықталды.

Тексеру кезінде мәйіттен дене жарақаты анықталған жоқ. Мәйіт сот-медициналық сараптама үшін аудандық аурухананың мәйітханасына жеткізілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →