×

«Air Astana-ға билет алып, неге Fly Arystan-мен ұшуымыз керек?»: Жолаушылар наразылық білдірді

Әуежайда ұшағын күткен жолаушылардың әуе кемесінің ауысқанына ашулы

«Air Astana-ға билет алып, неге Fly Arystan-мен ұшуымыз керек?»: Жолаушылар наразылық білдірді
Фото: Depositphotos

Алматы әуежайында жолаушылар Air Astana әуе компаниясының әрекетіне ашуланып, наразылық жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуежайда ұшағын күткен жолаушылардың әуе кемесінің ауысқанына ашулы. Air Astana ұшағына мінгізудің орнына Fly Arystan-мен ұшуға мәжбүрлеуінің себебін сұрап, компания өкілдерін шақырды.

«Air Astana әуе компаниясының билетін сатып аласың, бірақ Fly Arystan-мен ұшуың керек екен. Бұл не деген масқара? Билетті удай қымбат бағаға алып жатырмыз. Қаншама адам бала-шағамен жүр. Не кешірім сұрамайды, не түсіндірмейді. Компанияның өкілдерін шақырыңыздар. Қанша сағат бойы тұрмыз. Бизнес кластың билетін сатып алғандар ше?», – дейді келіншек.

Бірнеше сағат бойы өз талаптарын қойған жолаушыларды компания Air Astana-мен ұшырды. 

«Айқай-шумен әрең ұшып барамыз. Адамдардың бәрінің есі шықты, әбден шаршадық. Екі күннен кейін ұшасыңдар деп еді, 4-5 сағат өткізіп, шулатқан соң ғана ұшып барамыз. Біздің жүгіміз басқа рейспен келеді. Бұлар әбден құтырды ғой. Біреулер кешігіп ұшып жатқанын айтып жатыр. Мәселе кешігуде емес, әрқайсымыздың жоспарланған жұмысымыз бар. Тәртіп деген мүлде жоқ», – дейді алматылық әйел.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →