×

Белгілі қазақ балуаны Дамир Күзембаев ұсталды

Полиция қылмыстық іс қозғады

Белгілі қазақ балуаны Дамир Күзембаев ұсталды
Фото: әлеуметтік желіден

Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев "мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған".

“Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2016 жылы Дамир Күзембаев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, ал 2017 жылы күміс жүлдегер атанды. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2019 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшы Instagram парақшасында хабарлағандай, ол – Қонаев қаласының Құрметті азаматы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.
Полиция жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →