×

Шымкентте оқушы қыздарды боди массаж жасауға итермелегендер кімдер?

Полицейлер қызын ұрған анасына ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін екенін ескерткен

Шымкентте оқушы қыздарды боди массаж жасауға итермелегендер кімдер?
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент тұрғыны 15 жасар қызын жеңіл жүріске жетелегенін айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Таңнан қара кешке дейін жұмыста жүретін шымкенттік әйел оқушы қызының қарапайым әдеп ережесінен қалай тайып кеткенін түсіне алмай қалған. Оған бұл жайтты қызының сыныптасы телефон арқылы айтқан. Оған қызының тыржалаңаш ер адамның үстіне май жағып, массаж жасайтыны туралы жазған. Осыдан соң әйел қызына қол көтеріп, салдарынан полицияның алдынан бір-ақ шыққан. Сөйтсе жасөспірімге тапсырма беріп отырғандар арасында оның сыныптасы да бар екен. Ол «Таңға дейін бірнеше клиентті қабылдап, сонан соң сабаққа кел» деп аудиожазба жіберген. 

Енді полиция қызметкерлері қызын ұрған анасына ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін екенін ескерткен. 

«Қызыңызды ұрғансыз. Сіздің үстіңізден арыз жазамыз. Қызыңызды Тараздағы колонияға жібереміз» деп қорқытты», – дейді шақшадай басы шарадай болған ана.

Кейіпкердің айтуынша, қызы каникул басталғанда шығындарын жабу үшін жұмыс іздеген. Интернеттегі хабарлама бойынша оның екі құрбысы сол салонға тап болыпты, оның бірін жұмысқа алып, екіншісін қайтарып жіберген. Сыныптасы жұмысқа жалғыз бармас үшін «Көреміз» бағдарламасына кейіпкер ретінде келген әйелдің қызын өзімен бірге ерте кеткен. 

«Жұмыс берушілер олардың оқушы екенін білмедік деп айта береді, негізі білген ғой. Қызым бір-екі күн сонда жұмыс істепті. Қыздарға салондағылар «ер адам келеді, соның арқасына май жағасыңдар, олар сендердің қыз екендеріңді біледі, тиіспейді, қорықпаңдар» депті. Мен естіген бойда полиция қызметкерлерін шақыртып, бәріміз сол салон орналасқан мекенжайға бардық», – дейді әйел.

Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде орналасқан салонға баса-көктеп барғанда, қызмет көрсететін қыздар да, масаң ер адам да жүрген. 

Мұндай сорақы жолға түсетіндей балаларының ақшаға соншалықты мұқтаж еместігін алға тартқан ана жасөспірім қызының мұндай әрекетке өзгелерге еріп барғанын айтады.

Бұл жағдайға қатысты Шымкент прокуратурасы жауап берді. Аталған ведомствоның мәліметі бойынша, Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы кәмелетке толмаған қыздарын жезөкшелікпен айналысуға тартқаны туралы арызы негізінде қылмыстық кодекстің 134-бабының бірінші бөлігімен тергеп-тексеруді бастаған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кәмелетке толмаған қыздардан, куәларден жауап алынды. Қазіргі таңда іске қатысты тергеу әрекеттері жалғасуда. Жинақталған дәлелдемелер негізінде қылмыстық қудалау органы іс бойынша процестік шешім қабылдайтын болады. ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеуі тиіс. Сондықтан толық мәлімет беруге мүмкіндік жоқ», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →