×

Енді химиялық кастрация жасау үшін сараптама енгізіледі

Химиялық кастрация жасау үшін сексологиялық сараптама енгізіледі

Енді химиялық кастрация жасау үшін сараптама енгізіледі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасау үшін сексологиялық сараптама енгізіледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, елімізде сот-сараптамасының "Сот-сексологиялық сараптама" деген жаңа түрі енгізіледі.

"Халықаралық тәжірибені талдай келе соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар саны артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі "Сот-сексологиялық сараптаманы" енгізу бойынша жұмыстарды бастады. Қарапайым тілмен айтқанда, сараптама тексерілушінің жыныстық, психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулар бар немесе жоғы, ауытқулар байқалса, педофилдерді анықтау, тексерілушіге химиялық кастрация қажет пе, жоқ па деген сұрақтарға жауап береді", – деді Талғат Уәли министрлікте өткен брифингте.

Жобаны іске асыру үшін Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусьте оқыған. Қазір "Сот-сексологиялық сараптама" түрі бойынша әдістеме де әзірленіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →