×

«Рейдерлік жасап отыр»: Заңсыздықпен күресеміз деген құрылыс компаниясы әділетсіздікке тап болған

Бүгінде нысанның құрылысы бекітілген жоба бойынша жалпы көлемнің 35%-ға аяқталған

«Рейдерлік жасап отыр»:  Заңсыздықпен күресеміз деген құрылыс компаниясы әділетсіздікке тап болған
Фото: Qaz365.kz

«ЕР-ТАУ» құрылыс компаниясы тұрғын үй салу барысында «Нұрлы Жол-К-2008» ЖШС-мен бір айлық келісімшартқа отырып, басы дауға қалған. «Нұрлы Жол-К-2008» ЖШС компанияның салынып жатқан тұрғын үйлерін сатылымға шығарып, үлескерлерді алдап соққан.  «ЕР-ТАУ» ЖШС басшылары БАҚ өкілдерінің басын қосып, заңсыздықпен күресеміз деп жүріп, қалай айыпты болғанын баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2014 жылдың желтоқсан айында «ЕР-ТАУ» ЖШС көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін Астана қаласының Кенесары және Шевченко көшелерінің қиылысында орналасқан жер телімін алған. Компания 2018 жылы өз қаражаты есебінен аталған нысанның құрылысын бастаған.

Бүгінде нысанның құрылысы бекітілген жоба бойынша жалпы көлемнің 35%-ға аяқталып, жер телімімен бірге атқарылған жұмыстардың құны 3 905 800 927 теңгені құрап отыр.

2021 жылдың 20 ақпанында «ЕР-ТАУ» ЖШС жалған мердігер «Нұрлы Жол-К-2008» ЖШС ешқандай құқығы жоқ үлескерлерді тартып, «ЕР-ТАУ» ЖШС меншігіндегі аяқталмаған құрылыс нысанының пәтерлерін сатып жатқанын біліп қойған. Бұл ретте «ЕР-ТАУ» ЖШС мен «Нұрлы Жол-К-2008» ЖШС арасында қаржылық және басқа да міндеттемелер болмаған.

 Қазіргі уақытта «Нұрлы жол-К-2008» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы Наталья Аскерова қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқан Астана қалалық полиция департаменті 100 пайыз тапсырыс беруші ретінде  Шағымданушылар «ЕР-ТАУ» ЖШС құрылыс жұмыстарын растайтын айғақтарды елемейді деп отыр. Қылмыстық тергеу аяқталмаған.

«Мынау менің қолымдағы 6 жер телімінің құжаты. Осы құжаттардан заңсыз түрде айырылып отырмын. Қалай болғанын айтып берейін. Бүгінгі «Әділетті Қазақстанда» әділеттілікке қол жеткізе алмай отырмын. Мен осы ЖШС компаниясына басшылық етіп, 2015 жылы Астана қаласынан өз қаражатымызға жер телімін сатып алған болатынбыз. Одан кейін кезекті рұқсат қағаздарын жасап, 2019 жылы құрылыс бастадық. Осылайша 2021 жылы ғимараттың қаңқасын тұрғызған едік. Содан 2020 жылы желтоқсан айында «Нұрлы жол» ЖШС компаниясының өкілдері келіп, бізге құрылыс жүргізуге инвестор болуға дайын екенін айтқан. Кәсіпкер ретінде олардың жұмыс бабын, техникалық базасын тексеру үшін біз олармен 1 айға алдын-ала келісімшартқа отырдық. Ол келісімшартта құрылыс жүргізу немесе басқа да тірліктер жасау туралы көрсетілмеген. Тек олар өздерінің базасын көрсетуі тиіс еді. Бірақ кейін 2021 жылдың 25 ақпанда «Krisha.kz» сайтынан біз салып жатқан құрылыс нысанынан пәтерлер сатылып жатқанын байқап қалдым», - дейді Мұрат Тасов.

Фото: Qaz365.kz

Оның айтуынша, пәтерлерді сатып жатқан «Нұрлы жол» компаниясы болып шықты деп отыр. Сол сәтте тиісті шара қолдану үшін құзырлы органдарға хат жазған. Полиция қызметкерлерін шақырып, протокол толтырған. Алайда, 2 күннен кейін полиция өкілдері арызды қабылдаудан бас тартатынын айтқан.

«Себеп ретінде материалдық шығын болмағанын көрсеткен. Содан әрі қарай біз қалалық ПД, аудандық прокуратураға жаза бастадық. Дегенмен, 1 жыл бойы шағымдансақ да ешқандай шара қабылданбады. Прокуратура өкілдері алаяқтарға қатысты істі қысқартып отырды. Бізге ешқандай материалдық шығын келмегенін алға тартып отырды. «Нұрлы жол» ЖШС қызметкерлері осыны пайдаланып, пәтерлерді сатуды тоқтатпады. Енді мына нәрсені айтқым келеді. Мен ең алғаш арызданғанымда 10-ға жетер-жетпес үлескер болған, яғни, 2021 жылдың 25 ақпанына дейін есептегенде 21 үлескер болған. Осы күнге дейін қанша үлескердің қанша ақша салғаны анықталмаған. Олар сол кезде пәтердің шаршы метрін 130 мың теңгеден сата бастаған. Бірінші келісімшарт 2020 жылдың 9 желтоқсанында жасалған. Яғни, ол кісілер құрылыс жүргізу үшін емес, үйді заңсыз сатумен айналысқысы келгені белгілі болған. Бірақ ешқандай құзыретті орган шара қолдануға ниетті болмады. Ал біз ешқандай шығын келмегендіктен әрі қарай құрылысымызды жалғастыра бастадық. Бірақ 2023 жылдың 29 тамызында Астана қалалық Сарыарқа прокуратурасының атынан талап арыз түседі. Яғни, осы біздің салынып бітпей жатқан құрылысымызды кезінде «Нұрлы жол» компаниясы заңсыз сатқан үлескерлердің мүддесіне өндіріп беру үшін біздің мүлікті алып, үлескерлерге бермек болады. Яғни, «Нұрлы жол» компаниясы келтірген шығынның орнына біздің мүлікті алып қою туралы сотқа талап арыз береді», - дейді кәсіпкер.

Ол талап арызда кезінде «Нұрлы жол» пәтерді сатуды бастаған кезінде «ЕР-ТАУ» ЖШС ешқандай шара қолданбаған» деп жазылған деп отыр.

Бұл құжаттар 2020 жылдың 21 ақпанынан басталған. Талап арыз беріп отырған прокуратураның өзі бірнеше рет істі қысқартып, бас тартып отырған көрінеді.

«Сол прокурор «ЕР-ТАУ»-дың «Нұрлы Жол» ЖШС-не қатысы бар деген талаппен біздің мүлкімізді алып қоймақшы. Сотта бірнеше рет осы құжаттарды көрсеттік, бірақ сот талап арызды қанағаттандырды. Ал біз көрсеткен құжаттардың бірде біреуін тіркемеген. Одан соң заңды түрде аппеляциялық сотқа шағымдандық. Құжаттар өткізілгенімен, аппеляциялық сот алғашқы шешімді күшінде қалдырды. Бірақ аппеляциялық сот заң бойынша 6 жер телімінің актісі жеке меншіктің құзырында болғаннан соң, осы актілерге компенсация төленсін деген ұйғарымға келді. Бүгінгі таңда компенсация төленбеді, әкімдік құзыпымызға жатпайды деп төлеуден бас тартып отыр. Яғни, құзырына жатпаса, компенсация төленбесе, ол құрылыс бізге тиесілі болуы керек қой. Бірақ бүгінге таңға дейін құрылысқа жақындатпай отыр», - дейді Мұрат Тасов.

Адвокат оқиға қалай болғанын және заң жүзінде қалай өрбігенін баяндады.

«Сол жерге келіп, алдын ала келісімшарт түзеген соң, ертеңіне сата бастаған. Әйтпесе сату құқығы жоқ. Оның ойы құрылысты әрі қарай жалғастыру емес. Қылмыс жасау дегені осыдан-ақ көрініп тұр. Келісімшарт түзген соң екі жарым айдан кейін ғана аяқ астынан біліп қалдық. Крыша.кз сайтында осы мекенжай тұрған соң біліп қалдық. Сол күннен бастап арызданып жатырмыз. 2023 мамыр айына дейін жазып келе жатырмыз, соған дейін бір де бір шара қолданылмаған. 2020 жылдың 4 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың мамырына дейін сатқан», - деді адвокат Еркінбек Мыңжанов.

Фото: Qaz365.kz

Ол 2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың мамырына дейін 2,5 жыл бойы құқық қорғау органдары ешқандай шара қабылдамағанын атап өтті.

«Біз арыз жазып, заң бұзғандарды жазалауды сұрап едік, олар, керісінше, «Ертаудың» үстінен әкімшілік-құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. «Ертау» заңсыз үлескерлерді тартып отыр деп айыптайды. Ал сот «Ертаудың» үлескерлерге мүлде қатысы жоқ деген қаулы қабылдады. Соған байланысты істі қысқартып отыр. Сот «Нұрлы жолдың» да осы объектіге ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады. Соттың осындай қаулылары бола тұра, экономикалық сот 2023 жылғы қазандағы шешімінде «Ертау» мен «Нұрлы жол» бірге сатқан, «Ертаудың» құрылысына «Нұрлы жол» үлескерлерінің ақшасын салды деген уәж келтірген. Оның бәрін теріске шығарды. Пәтер сатып жатқан адам бүгінгі таңда қамауды отыр. Ол іс бойынша тергеу органдары «Ертауды» жәбірленуші деп таныған. Сонда қалай? Сот алдынған адамға екінші алданған адамның мүлкін беріп отыр. Біз де жалған мердігерге алданып отырмыз ғой. Біздің мүлкімізді алып үлескерлерге бере салды. Тергеу органы бізді де жәбірленуші деп таныды, бізге де шығын келді. Пәтер сатылғанға дейін «Ертаудың» құрылысы, жері болды. Қылмыскердің әрекеттерінің кесірінен соның бәрі сот шешімімен үлескерлерге беріліп  кетті. Ешқандай ақылға сыймайтын нәрсе болып тұр. Мұны рейдерлік деп жанайқайымыз шығып айтып отырмыз. Мына жағдайды ел естісін, талқыға салайық, көрсін деп жатырмыз. Ең сорақысы, бұл мемлекеттік органдардың қолымен істеліп отыр. Шара қолданудың орнына бізді жауапкершілікке тартып отыр. Ең соңында қылмыскер екені анықталды, Әскерова деген директоры мен тағы бес адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді Еркінбек Мыңжанов.

Заңды белшесінен басқан «Нұрлы жол» қазір басқа атпен үй сатуды жалғастырған.

«Сіздің сатып алғандарыңыз заңсыз деп айтқанмын. Сол кездегі орташа баға 300-330 мың теңге болған. Ал олар өздері 130 мың теңгеден сатып алып, 300 мың теңгеге қойып қойған.  Оны дольщик болғандар сатып жатты. Сол кезде біздің құрылыс "Шардар" деп аталған. Ал "Нұрлы жол" компаниясының өкілдері адамдарды шатастыру үшін өздерін "Ақтау сити" деп өзгертіп алған, сата бастаған. Содан кейін әкімдіктен бастап, президент әкімшілігіне дейін арыз жаздық. Негізі жер Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Кенесары-Шевченко көшелерінің қиылысында орналасқан. Аумағы - 0,88 га. Біз бұл құрылысты өзіміздің қаражатқа салып келе жатырмыз. Кезінде 2020 жылы олар келіп, қаражат құюға ұсыныс жасаған болатын. Сөйтіп алдын ала келісімшарт жасалды. Ол бойынша олар өзінің арнайы техникасын, базасын, мамандарын көрсетуі керек еді. Алайда ол шарттардың ешқайсысы орындалмады. Ал олар келген де пәтерлерді сата бастаған. Келісімшартта пәтер сату, құрылыс жүргізу деген шарты жоқ. Осыдан басқа арамызда ешқандай байланыс жоқ», - деді адвокат Еркінбек Мыңжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →