×

Ақтауда банк ғимаратында инкассатор өзін атып тастаған

Полиция оқиғаны растады

Ақтауда банк ғимаратында инкассатор өзін атып тастаған
Фотоколлаж: Tengrinews.kz, фото: lada.kz

Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор өзін атып тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым WhatsApp қолданушылары оқиғаның 14-шағынауданда болғанын айтып хабарлама жолдап жатқанын жазады. Инкассатор 10 миллион теңгені ұрлап кетіп, артынан ғимараттың жертөлесіне жасырынған. Кейін қызметтік қарудан басына оқ атқан.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен арнайы жедел әрекет ету отряды қызметкерлері жұмыс істеп, жертөлеге кіретін есікті қоршауға алған. Марқұмның 1981 жылы туғаны нақтыланып отыр.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Ұрлық және өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Ақтау Полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бестеректегі оқиға: зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр
Бүгін, 12:30

Бестеректегі оқиға: зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер үшінші баланың жағдайы да ауыр деп отыр. 
Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →