×

Қарағанды облысында өзенге батып кеткен 15 жасар қыздың мәйіті табылды

Іздеу жұмыстарына өзеннің қатты ағысы кедергі келтірді

Қарағанды облысында өзенге батып кеткен 15 жасар қыздың мәйіті табылды
Фото: Объектив Восток

29 маусымда Нұра өзенінде екі оқушы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Бұқар жырау ауданының Қызылжар кентінде болған. 19: 00-де жедел құтқару жасағының күштері 2011 жылы туған қыздың денесін тауып, шығарып алды. 2009 жылы туған қызды іздеу жалғасқан еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Сағат 08:50-де сүңгуірлер үш күн бойы іздеуде болған 15 жасар қыздың денесін тапты... Суға батқан екінші қыздың денесін құтқарушылар шомылу орнынан шамамен 1300 м қашықтықта тапты".

Іздеуге облыстық ТЖД және ПД, Теміртау қалалық аңшылар мен балықшылар қоғамының қызметкерлері, туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Барлығы 40 адам, тоғыз бірлік техника және жеті жүзу құралдары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына өзеннің қатты ағысы кедергі келтірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →