×

«Аяғында құрты бар»: Таразда «маугли» отбасы табылды

Таразда 30 жыл бойы төрт қабырғаға қамалып өскен ағайындылар табылды

«Аяғында құрты бар»: Таразда «маугли» отбасы табылды
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жергілікті жұрт «жабайы» адамдар атап кеткен ерекше отбасы табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, Таразда 30 жыл бойы төрт қабырғаға қамалып өскен ағайынды адамдар табылды.

Шамамен 40 жастағы бауырлардың бірі ақыл-есінен айырылса, екіншісі тілден қалған.

«Үлкені аздап сөйлей алады. Ал інісі еңкейген күйде отыра береді. Олардың қазір тұрып жатқан үйі адам шошырлық күйде», - дейді еріктілер.

Қос азамат асты табылса ғана жейді, болмаса шикі өнімдермен жүрек жалғайды екен. «Маугли» атанып кеткен екі азаматқа бұған дейін анасы күтім жасапты. Алайда ол 3 күн бұрын ауруханаға түсіп, ағайындылар қараусыз қалған. Бұл жағдайды көзбен көрген жергілікті әкімдік өкілдері азаматтарға көмектесетін болды. Олар алдымен екеуінің құжатын түгендемек.

«Анасы емханадан шыққан соң, оған қамқоршылыққа тағайындауға құжатына көмек беріледі. Бала әрекет істеуге қабілеті жоқ деп танылса, жәрдемақы төлейміз», - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 
103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →