×

Арыста тағы да адам шығыны: Әскери бөлім аумағында үш адам қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Арыста тағы да адам шығыны: Әскери бөлім аумағында үш адам қаза тапты
Фото: Freepik

Қорғаныс министрлігі 5 шілдеде Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар кәріз жүйесін тазарту кезінде кәріз газымен уланған.

«Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты. Оның ішінде екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар. Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде орын алды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Салдарынан үш адам сол жерде қаза тапты», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Тағы бір жұмысшы мен әскери қызметші Арыс қаласының ауруханасына түскен. Қазір олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп хабарлады министрлік. 

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады (еңбекті қорғау ережелерін бұзу).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →