×

Колумбияда қазақстандық мигранттар мінген қайық суға батып кетті

Әскери-теңіз күштері мен әуе күштері іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр

Колумбияда қазақстандық мигранттар мінген қайық суға батып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Колумбияда мигранттар мінген қайық суға батып кетті. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Қайғылы жағдайға ҚР СІМ түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Америкалық Barron’s басылымы суға батып кеткен мигранттар қайығындағы жолаушылардың арасында бірнеше қазақстандық, оның ішінде екі бала бар деп жазды.

«9 шілдеде Колумбия жағалауында Кариб теңізінде 20 мигрант мінген кеме апатқа ұшыраған. Кемінде бір адам қаза тауып, төрт адам із-түзсіз жоғалған. Қайықтағы 15 жолаушы, оның ішінде алты бала құтқарылды», – делінген ақпаратта.

Қайық Сан-Андрес пен Провиденсия курорт аралдарының жанында, Колумбия мен Никарагуа шекарасына жақын жерде батып кетті. 
Әскерилердің басылымға хабарлауынша, әскери-теңіз күштері мен әуе күштері іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр. 

«Құтқарылған ересектер — Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Қазақстан және Венесуэладан. Құтқарылған балалардың екеуі — Қазақстаннан, үшеуі — Венесуэладан», - деп хабарлады америкалық басылым.  

Аман қалғандар арасында кәмелетке толмаған Қазақстаннан екі азамат бар, үшеуі Венесуэладан.
Колумбияның мәлімдеуінше, мигранттар Орталық Америка арқылы солтүстікке және ақыр соңы Мексика мен АҚШ шекарасына бет алғанда Колумбия мен Панама арасындағы Дарьен саңылауындағы қауіпті өткелден аулақ жүру үшін Сан-Андрес пен Никарагуа арасындағы жасырын жолды жиі пайдаланып жүр. 

ҚР СІМ-де бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.

«Бізге ондай ресми ақпарат түскен жоқ», - деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін мамыр айында Вашингтон «заңсыз мигранттардың АҚШ-қа өтуіне көмектеседі» деп Нигарагуаға санкция салған еді. Ал Колумбия болса, мигранттар АҚШ-қа бет алғанда Колумбия мен Панамадағы қауіпті джунглилерді айналып өту үшін көбіне Сан-Андрес және Никарагуа арқылы жүретінін жеткізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ер адам терезеден құлап бақилық болды
Кеше, 15:00

Астанада ер адам терезеден құлап бақилық болды

Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →