×

Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы полиция хабарлады

Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: forbes.kz

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

15 шілде күні таңертең Астана соты Әйтеновтің бұрынғы жұбайына және олардың ортақ балаларына күш қолданғаны үшін 5 тәулікке қамалғанын хабарлаған.

Енді елорда полиция департаменті Марат Әйтеновке қатысты Дана Әтешоваға дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Сонымен қатар, әкімшілік соттың шешімімен азамат А. құқыққа қайшы әрекеттері үшін бес тәулік мерзімге қамауға алынды», - деп хабарлады Астана ПД.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Дана Әтешова Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасы Мұрат Әйтенов оны және олардың ортақ балаларын үйден күшпен шығарғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әйел мен жас балаларды қорғау үшін құқық қорғау қызметкерлері тарапынан ешқандай шара қолданбаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Кеше, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →