×

Астанадағы мешітте ұрлық жасаған әйел анықталды

Әйелдің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Астанадағы мешітте ұрлық жасаған әйел анықталды
Фото: polisia.kz

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу барысында белгілі болғандай, әйел кешкі уақытта сол жақ жағалаудағы мешітке келген. Шыға берісте аяқ киімдер сөресінде тұрған әйелдер кроссовкасына көзі түскен қаскүнем, қолайлы сәтті пайдаланып оны білдіртпей сөмкесіне салып алып кеткен. Әйелдің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласы полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді», - делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
98-2000 жылғы жігіттер: Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады
Бүгін, 14:04

98-2000 жылғы жігіттер: Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады

Бүгін Алматы облыстық прокуратурасы мәлімдеме жасаған еді
Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →