×

Шымкенттік әйел күйеуіне бір бүйрегін берді

Күрделі отаны бастан өткерген науқас дер кезінде әрекет еткен

Шымкенттік әйел күйеуіне бір бүйрегін берді
Фото: massaget.kz

Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 221-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Науқастар ерлі-зайыпты. Донор – әйелі, ал күйеуі – реципиент, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ер кісі 1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған. Гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Медицина қызметкерлері ерлі – зайыптыларға жасалған отаның сәтті өткенін, екі пациенттің де жағдайы жақсы екенін айтты. Науқастар үйіне шығарылды.

«№1 қалалық клиникалық ауруханада кезекті бүйрек трансплантациясы отасы өтті. Операция тірі донорда жасалды. Ол рецепиенттің әйелі. Науқас 1 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Отадан кейін «жасанды бүйрек» қызметі қажет болмайды. Науқастың өмір сүру сапасы жақсарады деп күтілуде», – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байтеміров.

Күрделі отаны бастан өткерген науқас дер кезінде әрекет етіп, өзін ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға алғысын білдірді.

«Бір жыл бойы гемодиализде жүрдім. Осы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасын жасады. Жұбайым донор болды. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Бірер күнде үйге шығамын. Дәрігерлерге көп рақмет», – деді реципиент Ерлан Асқаров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті
Бүгін, 15:45

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті

Жол-көлік оқиғасы түскі уақытта болған
Шу аудандық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тексеру басталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →