×

Шу болған тізім: ҚазҰУ студенттердің жеке дерегін таратқандарды сотқа берді

Бұл мәселе қоғамда резонанс тудырған болатын

Шу болған тізім: ҚазҰУ студенттердің жеке дерегін таратқандарды сотқа берді
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің топ старосталарының чатындағы хабарламалар әлеуметтік желіге тарап, қоғамда резонанс тудырған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Университетте білім алып жатқан 200-ге жуық студенттің жеке дерегі жазылған құжатта олардың аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірлерінен бөлек гинекологиялық деректері де (оның ішінде студенттердің пәктігі жөнінде мәлімет те бар) болған. Кейін бұл дерек мессенжерлерде тарап, үлкен дауға айналған болатын. Осы мәселеге қатысты Qaz365.kz порталының сұрақтарына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректорының міндетін атқарушы Еркін Дүйсенов жауап берді.

Осы оқиғаға байланысты университет арызы бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Тәртіп сақшылары аталмыш істі Қылмыстық кодекстің 147 бабының 5 бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері, яғни жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу бойынша қарастырып жатыр.

«Тергеу барысында Университет Қылмыстық процесстік кодекстің 99 бабы тәртібінде Бостандық ауданының полиция басқармасына тергудің толық, жан-жақты және объективті жүргізілуін қамтамасыз ету туралы талап-тілек жолдады. Қазіргі уақытта тергеу қорытындысы туралы қылмыстық қудалау органынан университетке ешқандай ақпарат түскен жоқ», - деп жауап берді Еркін Дүйсенов.

Сондай-ақ университетке медициналық қызмет көрсетіп келген «Smart Health University» компаниясымен шарт бұзылғаны белгілі болды. 

«2024 жылдың14 мамырында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Университеттің «Smart Health University City» ЖШС жасалған шартты бұзу туралы талап арызы толық қанағаттандырылды. 2024 жылдың 15 шілдесінде Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының шешімімен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді», - деп жауап берді университет өкілі.

Университет басшылығына ата-аналар немесе студенттер тарапынан осы іске байланысты арыз-шағым түспеген және олар университеттен қандай да бір мөлшерде моральдық шығынды өтеуді талап етпеген.

«Осы уақытқа дейін Университетке қандайда бір шығындарды өтеу туралы ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Университет болашақта осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында дербес деректердің қатаң сақталуына кепілдік беретін басқа медициналық мекемемен келісім шарт жасау мәселесін қарастыруда, - деп қысқа қайырды Еркін Дүйсенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →