×

Клиникалық өлімге ұшыраған: Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері 78 жастағы әжейді аман алып қалды

Науқастың ес-түссіз жатқан

Клиникалық өлімге ұшыраған: Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері 78 жастағы әжейді аман алып қалды
Фото: Facebook / Жанна Арынбекова

Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері клиникалық өлімге ұшыраған әжейдің жанын сақтап қалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талғар ауданындағы 17/20 бригадасы шақыртуға 10 минутта жеткенімен, науқастың ес-түссіз жатқанын көріп, бірден медициналық көмек көрсетуге ұмтылған.

“78 жастағы әжей есінен танып құлапты. Мен келсем науқастың ұлы анасының өкпесін басып, жүрек массажын жасап жатыр екен. Тамырдың соғуын ұйқы артериясынан ұстап қарасам соқпай тұр. Дереу хаттама бойынша алғашқы көмек көрсетуге кірістім” - дейді, 17/20 бригадасының фельдшері Жанар Кенжебекова.

Тиісті шаралардың арқасында 80-ге таяп қалған әжей көп ұзамай көзін ашып, өзі демала бастаған. Осылайша, қосымша тағы 17/6 бригадасы шақырылып, олар науқасты Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.
Полиция жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →