×

«Ағаш өңдейді»: Қуандық Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы тың мәлімет айтылды

Бишімбаевтың колонияға қашан аттанатыны белгілі болды

«Ағаш өңдейді»: Қуандық Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы тың мәлімет айтылды
Фото: Jogargy_sot

24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев әлі колонияға түскен жоқ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сотталған Бишімбаев әлі колонияға кеткен жоқ. Бүгін-ертең осы мәселе шешіліп, ол түрмеге түседі. Ол қауіпсіздігі жоғары колонияға аттанады», - деді Жәнібеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.

Ол Қуандық Бишімбаевтың абақтыда қандай жұмыс істей алатынын түсіндірді.

«Сотталғандарды жұмысқа орналастыратынымыз рас. Бізде әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК жұмысқа тұрып, ағаш және темір өңдей алады. Бәрі бос жұмыс орнына байланысты. Колонияға түскен соң ол 15 күн карантинге түседі. Одан кейін тиісті отрядқа барады», - деді Жәнібеков.

Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ал қылмысты жасырып қалған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →