Алты ай ішінде 2 357 әкімшілік іс қозғалған
SMALL және МЕТРО сауда желілері сауда үстемесін көтергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматыда республика бойынша бірнеше филиалы бар SMALL және METRO ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі ең ірі Esentai Gourmet премиум-класты гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің баспасөз қызметі.
Алты ай ішінде сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің аумақтық департаменттері 2 357 әкімшілік іс қозғаған.
«Олардың нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша 2 228 қаулы шығарылды, оның 381-і айыппұл және 1 847 алғаш рет жасалған бұзушылықтар үшін ескерту алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 6 айында мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті», – делінген хабарламада.