×

«Майқайыңда» шұңқырға құлаған құтқарушының денесі 7 айдан кейін табылды

Үшінші құтқарушының денесі табылды

«Майқайыңда» шұңқырға құлаған құтқарушының денесі 7 айдан кейін табылды
Фото: ҚР ТЖМ

Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын. Екі адам мен автобус жоғалып кеткен. Бүгін құтқарушының біреуі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«19 шілдеде «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 м тереңдікте бір құтқарушының денесі табылды. 4 қаңтарда «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді. Олар «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-мен бірлесіп денені жер бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды», - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 4 қаңтарда екі құтқарушы – Бердіқан Сарқыт пен Олег Тышкевичтің денесі өлі күйінде табылған. Ал қалған екеуі – Айып Төлепбергенов пен Айдос Шәймерденнің не өлі, не тірі екені белгісіз болатын.

Кейіннен «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды
Бүгін, 14:52

Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.
Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →