×

Алматы облысында "Қазпошта" кассирлері 84 млн теңгені жымқырған

Мемлекетке 84 миллион теңгеден аса шығын келген

Алматы облысында "Қазпошта" кассирлері 84 млн теңгені жымқырған
Фото: kazpost.kz

Алматы облысында "Қазпошта" кассирлері 84 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік қызметтер көрсетілгені үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Тергеу нәтижесінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін "Қазпошта" АҚ кассирлері 2021-2023 жылдары паспорт және жеке куәлік рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденгені анықталды.

Көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Тергеу жалғасып жатыр. 

Қаржы мониторингі агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертті. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →