×

Мұғалімдер бірінші байқаған: Павлодар облысында 12 жастағы оқушы қыз босанды

Аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды

Мұғалімдер бірінші байқаған: Павлодар облысында 12 жастағы оқушы қыз босанды
Фото: Lucky-child.com

Павлодар облысында 12 жастағы оқушы қыз босанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қыз Павлодар облыстық перинаталдық орталықта босанған. Павлодар облысы Білім басқармасы мәліметінше, 12 жастағы оқушы қыз баланы дүниеге әкелген. Бір айдан кейін сәбидің анасы 13 жасқа толады. Кәмелетке толмаған қыздың жүктілігін мұғалімдер бірінші болып байқаған. Осы жағдайдан кейін ауданда іс жүргізілген.

"Мектеп директоры арыз жазып, өз еркімен жұмыстан кетті, аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - деді Павлодар облысының білім басқармасында.

Мектеп оқушысы зорланған соң жүкті болып қалғаны белгілі болды. Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсету дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Қылмыстық іс өндірісте. Қазіргі уақытта сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Зәкиева.

Жаңа туған нәресте қазір анасының қасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →