×

Ақтөбеде мас полицей ерлі-зайыптыны көлікпен қағып, мерт қылды

Ол рульге ие бола алмаған

Ақтөбеде мас полицей ерлі-зайыптыны көлікпен қағып, мерт қылды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында 34 жастағы полиция қызметкері мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып өлтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.

Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан.

Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →