×

Кәрім Көкірекбаев қайта қамауға алынды

Үкімге апелляциялық шағым түсірілді

Кәрім Көкірекбаев қайта қамауға алынды
Фото: president.kg

«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың үкімі жойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ бұрынғы басшысы Көкірекбаевты сыбайлас жемқорлық бойынша ақтады. Оның орынбасары Ахатаев пара алғаны үшін, ал «Bazis Construction Infr» ЖШС филиалының директоры Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Алматы облысының прокуратурасы бірінші сатыдағы соттың қателіктеріне байланысты Көкірекбаевтың ақтау үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

«Биыл 25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қ.Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар К. Көкірекбаев сот залында қамауға алынды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тағы бір қалада ата-аналарды мектептерге шабуыл жасалады деген қауесет дүрліктірді
Бүгін, 10:23

Тағы бір қалада ата-аналарды мектептерге шабуыл жасалады деген қауесет дүрліктірді

Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды
Ол түн ішінде темекі тартуға шыққан 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →