×

Әйтенов кешірім сұрады, экс-әйелі балағат айтқанын мойындамады

Ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды

Әйтенов кешірім сұрады, экс-әйелі балағат айтқанын мойындамады
Qaz365.kz коллажы

Астананың мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында Марат Әйтеновтің әйелін күштеп үйінен шығарғаны бойынша іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұрынғы жұбайы Дана Әтешоваға күш көрсетті деп айыпталған Әйтенов кінәсін мойындады.

«Оның шашынан жұлып, сүйреген жоқпын, керісінше құлап бара жатқан кезде басымен жерге соғылмас үшін қолымды қойдым», - деді Марат Әйтенов.

Ол басты мақсаты – балаларын қорғау болғанын айтады. Осы ретте қорғаушысы да видеода бұл фактілер көрініп тұрғанын айтты. Судья Әйтеновтен экс-әйелі тағып отырған айыппен келісіп-келіспейтінін сұрады.

«Осы айыпты тағайындап жатқан менің балаларымның анасы ғой. Сондықтан толық мойындаймын. Онымен келісемін», – дейді «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі экс директоры.

Іс материалдарына сәйкес, Дана Әтешова отбасылық жанжал кезінде Марат Әйтеновті балағаттаған. Ол бірақ бұл кінәсін мойындамады.

«Сотта әйел өз кінәсін мойындамады. Ол бұрынғы жұбайын былапыт сөздермен қорламағанын, тек былапыт сөздер түріндегі етістікті қолданғанын түсіндірді. Сонымен бірге бұрынғы күйеуінің үйде заңсыз болып, оны арандатқанын жеткізді», - делінген іс материалдарында.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігінің санкциясы ескерту жасау не 5 тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеледі.

«Әйелдің жас балалары бар және ол қамаққа алу қолданылмайтын адамдар санатына жатады», - делінген ақпаратта.

Осылайша Дана Әтешоваға жас балаларының болуы және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауы жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.

Сот әйелді кінәлі деп танып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →