×

Бишімбаев ісі бойынша "100 млн теңге пара": тергеу аяқталды

Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын

Бишімбаев ісі бойынша "100 млн теңге пара": тергеу аяқталды
Фото: jogargy_sot

100 миллион теңгеге Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесемін деген астаналыққа қатысты істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты.

"Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Яғни, Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 миллион теңгені иемдену. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде сараланады", - деді Бигайдаров Антикордағы брифингте.

Биыл 21 маусымда Антикор экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге уәде берген күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →