×

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев сотталды

Іс жабық сот отырысында қаралды

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев сотталды
Фото: gov.kz

Сот билікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланды деп айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі).

Бұл іс "ҚҰПИЯ" деген белгімен кінәні мойындау нысанында іс жүргізу келісімімен келіп түсті. Сондықтан оның қаралуы жабық сот отырысында өтті.

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Бұл ретте ҚК-нің 63-бабы негізінде жазаны пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп айқындауды сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →