×

"Бір топ адам шабуылдаған": Алматыда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Қылмыстық іс қозғалды

"Бір топ адам шабуылдаған": Алматыда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Видеодан скриншот

Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған. Полицейлер оқиғаға қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырған.

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қолыммен істегенімді мойныммен көтеремін»: Берденовті атқан Жиенбай соттағы соңғы сөзін айтты
Бүгін, 15:36

«Қолыммен істегенімді мойныммен көтеремін»: Берденовті атқан Жиенбай соттағы соңғы сөзін айтты

Руслан Берденовтің денсаулығына ауыр зиян келтіргеніне өкінетінін, сол үшін кешірім сұрағанын жеткізді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →