×

Егіздің сыңарын әуежайға тастап кеткен FlyArystan оралдық Жазира Мусинаның «аяғына жығылды»

Бұл оқиға Астанада болған

Егіздің сыңарын әуежайға тастап кеткен  FlyArystan  оралдық Жазира Мусинаның «аяғына жығылды»
FlyArystan

Орал қаласына ұшып барған FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер 12 жастағы қыздың анасы Жазира Мусинамен кездесіп, отбасыдан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі», — делінген көлік министрлігінің хабарламасында. 


Бұл оқиға Астанада болған. Екі егіз қыз басқа балалармен бірге Орал қаласына ұшпақшы болған. FlyArystan ұшақтарды ауыстырғанда,  егіздің сыңарына  орын жетпей қалған.
Жасөспірім үш сағат бойы тіркейтін жерде жылап отырды. 

Ал анасы сотқа арызданамын деді. 
Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде FlyArystan-нан келген хатты жариялады. Онда компания 4 миллион теңгені моральдық өтемақы ретінде ұсынып отырғаны мәлім болды. Басшылық жеке-дара кездесуге де тырысты. Бірақ жәбірленуші ол ұсыныстан да бас тартып, сотта кездесеміз деп жауап берген. Дегенмен бүгін компания басшысы Оралға өзі іздеп барып, кездесіп отыр.

Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →