×

БҚО-да несие төлеуге барған әйел өзін "өлілер" тізімінен тапқан

Әйелдің сөзінше, ол ай сайынғы несиесін өтеп жүрген

БҚО-да несие төлеуге барған әйел өзін "өлілер" тізімінен тапқан
Видеодан скриншот

Несиесін өтемек болған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны өзінің "өлілер" санатында екенін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Жаңақала ауылы тұрғынының оқиғасын баяндайтын бейнежазба жергілікті блогердің парақшасында жарияланды.

Әйелдің сөзінше, ол ай сайынғы несиесін өтеп жүрген, бірақ кейіннен ақша оған қайтып келген.

"Мен бұл ақшаны қайтадан аударып жібердім, бірақ қаражат шотымнан алынбады. Операторларға жүгіндім, олар маған "сіз 4 шілде күні Астанадағы ауруханада қайтыс болдыңыз деп шығып тұр" деді. Маған АХАЖ-ға, салық басқармасына, ХҚКО-ға бару керектігі айтылды. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмын. Жалақы алдым, "Каспи" шоттары ашық, ауруханаға дәрі-дәрмек алу үшін бардым, олардың базасында да қайтыс болғаным туралы шығып тұр. Алайда ол жердің қызметкерлері маған көмекке келіп, маған дәрі жазып берді, себебі мен қан қысымы бойынша есепте тұрмын. Жақында зейнеткерлікке шығамын, жинақтармен не істейтінімді, несие не болатынын, өсімпұл салынбай ма деп алаңдаймын", – деді БҚО тұрғыны.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ осы жағдайға қатысты түсінік берді.

"4 шілде күні Астананың медициналық мекемесінде бір әйел көз жұмды. Медициналық ұйымның қызметкерлері деректерді базаға енгізген кезде ЖСН-ның бір санында қателесіп кеткен. Базаға БҚО тұрғынының деректері жазылды. Тиісті медициналық ұйым базадағы деректерді түзетуі тиіс", – деді ХҚКО.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
22.11.2024ж. 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →