×

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертед

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапқан. Сондай-ақ, үш адам жарақат алған.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →