×

Антикор Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына іздеу салды

Ол 2015 жылы Мәсімовтің қызына үйленген

Антикор Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына іздеу салды
Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті Азамат Кәпеновке іздеу салады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Азамат Кәпенов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген.

Іздеу карточкасында жазылғандай, іздеу жүргізіп отырған орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің шығыс қазақстан облысындағы департаменті. Бұл орган Кәпеновке бес күн бұрын іздеу жариялаған.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы бойынша 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық сұраған болатын. Бірақ, президент оның өтінішін қанағаттандырған жоқ. 

Фото: qamqor.gov.kz/criminals 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →