×

Екі полицей бар: Жамбылдағы жантүршігерлік жол апатынан алты адам қайтыс болды

Біреуінің артындаі 11 баласы қалыпты

Екі полицей бар: Жамбылдағы жантүршігерлік жол апатынан алты адам қайтыс болды
Жамбыл облыстық ІІД

Жамбыл облысы аумағындағы «Меркі - Шу – Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, алты адам қаза тапты деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 34-ші шақырымында, Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болған. Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған. 

Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, үш жолаушы мен жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Алдын ала деректер бойынша, қаза болған екі полицейдің бірі 11 баланың әкесі екені айтылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →